Алматы қаласында Халықаралық ғылыми-мәдени мұраны зерттеу орталығы ашылдыFarabi University

Алматы қаласында Халықаралық ғылыми-мәдени мұраны зерттеу орталығы ашылды

12 қыркүйек, 2025

 

 

2025 ж. 12-қыркүйек күні Алматы қаласында Халықаралық ғылыми-мәдени мұраны зерттеу орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жаңа орталықтың басты мақсаты – ұлттық және әлемдік мәдени мұраны сақтау, зерттеу және кеңінен таныстыруға бағытталған ғылыми жобаларды жүзеге асыру

Орталық Дінтану және мәдениеттану кафедрасының доценті, PhD Жамашев Азамат Шутбаевич шет елдерден ғылыми іссапарға шығып, қолжазба қорлары бар кітапханалар мен мұражайларда зерттеу жасап, маңызды тарихи, мәдени орталықтардан жинаған материалдар негізінде жинақталды.

Іс-шараға проф. Малайзиядан Малайя университеті Ислам зерттеулері академиясының (APIUM) деканы мен кафедралар тарапынан құрылған ғылыми журналдардың редакторлары, Ислам тарихы, өркениеті және білімі кафедрасының профессор-оқытушылары мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану кафедрасының деканы, философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Мейірбаев Бекжан Берікбайұлы, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі философия ғылымдарының докторы, профессор Құрманалиева Айнұр Дүрбелеңқызы және профессор-оқытушылар құрамы мен Нұр-Мүбарак ислам мәдениеті университеті Исламтану кафедрасының меңгерушісі PhD Нұрлан Сайлауұлы Анарбаев қатысты.

Орталық аясында мәдениеттану, исламтану, дінтану саласындағы отандық және шетелдік ғалымдардың бірлескен зерттеулері жүргізілетін болады. Сонымен қатар халықаралық ғылыми конференциялар, көрмелер мен мәдени алмасу бағдарламалары ұйымдастырылып, ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қолдау көрсетіледі

Жаңа ғылыми-мәдени орталықтың ашылуы Қазақстанның әлемдік ғылыми қауымдастықпен байланысын нығайтып, мәдени мұраны қорғау мен дамыту ісінде маңызды қадам болмақ.

Іс-шара соңында орталық жанынан Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының зерттеу базасының бірі ретінде серіктестік жасау туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум кафедра меңгерушісі философия ғылымдарының докторы, профессор Құрманалиева Айнұр Дүрбелеңқызы бастамасымен жүзеге асты.