«ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ТАРИХЫ» Екінші жиыныFarabi University

«ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ТАРИХЫ» Екінші жиыны

11 қыркүйек, 2025

          2025 ж 10-11 кыркүйек  күндері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Түркі мемлекеттерінің ортақ академиялық тарихын жазу мәселелерін талқылауға арналған «Түркі әлемінің тарихы»  екінші ғылыми жиын өтті. Жиында құттықтау сөздері: Қазақ ұлттық университетінің ректоры ф.ғ.д., акад. Жансейіт Түймебаев, сөз сөйлеп ашып берді.

          Жиынға  келген қонақтарға тоқталар болсақ алғаш сөз алғандар; э.ғ.д., профессор, Икрам Адырбеков, ТМҰ Ақсақалдар кеңесінің Қазақстан тарапынан мүшесі, т.ғ.д., акад. Шаһин Мустафаев, Түркі Академиясының президенті, Проф., д-р Юксел Өзген, Түрік тарих құрымының президенті сөз сөйлеп мемлекет өкілдерінің баяндамалары тыңдалды. Басқосуға жиналған ғалымдар тарих, археология институттарының жетекшілері, белгілі ғалымдар мен сарапшылар  болды. Олардың алға қойған мақсаттары Түркі халықтарының ортақ тарихын жазуда болашақ монографияға қатысты ұсыныстар мен мазмұндық құрылымын талқылады. Әр қайсысы өз ойларын айтып алдыңғы жылдарда екі томдық ғылыми еңбектің жұмыс жоспары және орындалу уақытын анықтады.

 

 

            Жиында сөз алған баяндамашылар, т.ғ.д., акад. Азамат Зиё, Өзбекстан Республикасы ғылымдар академиясы Тарих институтының директоры.Т.ғ.д., проф. Зиябек Қабылдинов, Қазақстан Республикасы Ғылым жане жоғары білім министрлігі Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры. Т.ғ.д., акад. Азамат Зий, Өзбекстан Республикасы Ғылымдар академиясы тарих ниститутының директоры; Т.ғ.д., проф. Керим Шүкүров, Әзербайжан Республикасы Ұлттық Ғылымдар академиясы А. Бакиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры; Т.ғ.д., проф. Зиябек Қабылдинов, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры; Т.ғ.к., доц. Аида Кубатова, Қырғыз Республикасы Ұлттық Ғылымдар акаде миясы Б. Жамгырчинов атындағы Тарих, археология жне этнология институты;

 

           Сондай-ақ, т.ғ.д., проф. Фархад Гулиев, Әзербайжан Республикасы Ұлттық ғылымдар академиясы Археология жана антропология институтының директоры; Т.ғ.к. Ақан Онгирулы, Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының бас директоры; Т.ғ.д, проф. Максет Карлибаев, Өзбекстан Республикасы Ғылымдар академиясы Қарақалпақ, гуманитарлық ғылыми-зерттеу институтының директоры; PhD докторы Жақсылық Сабитов, Қазақстан Республикасы Ғылым жане жоғары білім министрлігі Жошы ұлысын зерттеу ғылыми институтының директоры; Т.ғ.д., проф. Фархад Максудов, Өзбекстан Республикасы Ғылымдар академиясы Ұлттық археологиялық орталығының директоры; Проф., д-р Ахмет Ташағыл, Түрік тарих құрымы Түркі әлемін зерттеу ғылыми-тәжірибелік бөлімінің меңгерушісі қатынасты. Басқосуды қорыта келгенде, Ортақ тарих туралы жазуда Халықаралық Түркі академиясының үйлестіруімен қолға алынған жобаға қазір ғалымдары мен сарапшылары біріктіру керектігіне тоқталды. Сондай-ақ бұл жоба бойынша аталған жиында еңбектің жалпы жоспары және тұжырымдамасы талқыланып, екі томдық басылым дайындау жөнінде шешім қабылданды. Бірінші том география, саяси және этникалық тарих жайында болса, екінші кітапта мәдениет жағы қарастырылмақ болып тарқасты.

Аға оқытушы Ж.М. Арынов