«Азық-түлік банкі» қайырымдылық шарасы

2025 жылдың 17 қыркүйегінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Филология факультеті, Түркітану және тіл теориясы кафедрасының «8D02303 – Лингвистика» білім беру бағдарламасының 1-курс докторанттарының ұйымдастыруымен қайырымдылық іс-шарасы өтті.
Бұл шара БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарының бірі – ТДМ 2 «Аштықты жою» аясында ұйымдастырылып, негізгі мақсаты – жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсету және қоғамда әлеуметтік жауапкершілік пен мейірімділікті арттыру болды.
Іс-шара барысында докторанттар қаладағы әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларға азық-түлік өнімдерін табыстап, олардың тұрмыстық қажеттіліктеріне аз да болса қолғабыс жасады.
«Аштықты жою» мақсаты аясында ұйымдастырылған «Азық-түлік банкі» қайырымдылық шарасы қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі – әлеуметтік тұрғыдан әлсіз отбасылардың азық-түлікке деген қажеттілігін азайтуға ықпал етіп қана қоймай, жас ұрпақтың бойында ізгілік пен әлеуметтік жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталды.
Ұйымдастырушылар: «8D02303 – Лингвистика» білім беру бағдарламасының 1-курс докторанттары және топ эдвайзері, түркітану және тіл теориясы кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-иннновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Исмайлова Н.А.