- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ делегациясы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінде
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ делегациясы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінде

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің делегациясы құрамында философия және саясаттану факультетінің деканы Б.Б. Мейрбаев, дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі А.Д. Құрманалиева, факультет деканының орынбасары А.Н. Қарыбаева, профессор К.М. Бишманов, сондай-ақ ғылыми жобалардың жетекшілері У.А. Тұңғатова мен Р.С. Сарсембаев 2025 жылғы 17-18 қыркүйекте Астана қаласында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезіне қатысты.
Съездтің тақырыбы – «Мәдениеттер диалогы: Болашақ үшін синергия». Форум әлемнің түкпір-түкпірінен келген діни лидерлерді, мемлекет қайраткерлерін және ғылыми қауым өкілдерін мәдениетаралық және дінаралық диалогтың өзекті мәселелерін талқылауға біріктірді. Пленарлық отырысқа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, іс-шараның жоғары халықаралық мәртебесін айқындады.
ҚазҰУ өкілдері съездің пленарлық және секциялық отырыстарына қатысып, дінаралық диалогты дамыту мен бейбітшілікті нығайтудың негізгі идеялары мен заманауи тәсілдерімен танысты. Философия және саясаттану факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы қатысқан бұл іс-шара университеттің Қазақстандағы жетекші ғылыми-білім беру орталығы ретіндегі стратегиялық рөлін айқын көрсетіп, толеранттылықты, мәдениетаралық ынтымақтастықты және қоғамның тұрақты дамуын ілгерілетуге қосқан маңызды үлесін атап өтті.
Басқа жаңалықтар

