Жастардың бірлігі – тазалық пен тәртіп кепілі

Философия кафедрасының 1 курс студенттері мен олардың кураторлары сенбілікке белсенді қатысып, оқу орны аумағын тазалау мен абаттандыру жұмыстарына үлкен үлес қосты. Шара барысында студенттер бірлесе еңбек етіп, өзара ынтымақ пен ұйымшылдықты көрсетті. Кураторлар студенттерге бағыт-бағдар беріп, ұжымдық жұмыстың маңыздылығын түсіндірді.
Сенбіліктің басты мақсаты – тек қана аумақты тазарту емес, сонымен бірге жастардың бойында еңбексүйгіштік, жауапкершілік, экологиялық мәдениет пен азаматтық белсенділік қасиеттерін қалыптастыру болды. Осындай шаралар студенттердің бір-бірімен жақындасуына, достық қарым-қатынасты нығайтуына, сондай-ақ туған оқу орнына деген сүйіспеншілігін арттыруына ықпал етті.
Бұл іс-шара кафедра ұжымының ұйымшылдығы мен студенттердің белсенділігін айқындап, жақсы дәстүрге айналатынына сенім мол.
Басқа жаңалықтар

