Білімді қоғам құрудағы сапалы білімнің рөлі

22.09.2025 күні сағат 15:00-де Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы Г.К. Дайрабекова 6B02303 – Шетел филологиясы (батыс тілдері) мамандығының 4-курс студенттерімен «ТДМ 4. The Role of Quality Education in Building a Knowledge» Білімді қоғам құрудағы сапалы білімнің рөлі тақырыбында іс-шара өткізді. Іс-шара (ХББК) Халықаралық Білім Беру Корпорациясының (ХББК) 218-аудиториясында ұйымдастырылды.
Шара барысында студенттер білімді ұрпақ тәрбиелеудің маңызы, сапалы білім берудің ел экономикасына қосар үлесі туралы ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, Президентіміз Қ.Тоқаевтың Жолдауында айтылған цифрландыру мәселесіне қатысты да пікірлерін ортаға салды.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді басты миссия ретінде айқындап берді. Бұл – бүгінгі қоғам үшін аса өзекті міндет. Себебі тұрақты даму мен қоғамдық келісімсіз мемлекеттің болашағы баянды болмайды. Президент атап өткендей, Қазақстан үшін ең басты құндылық – тұрақтылық пен бірлік. Осы мақсатқа жету үшін мемлекет экономикадағы әртараптандыруды күшейтіп, білім мен ғылымды дамытуға, жаңа технологияларды енгізуге және жастарды қолдауға ерекше көңіл бөлмек. Жолдау – ел болашағына бағытталған стратегиялық бағдар.