Журналистика факультетінің 2025–2026 оқу жылындағы алғашқы Ғылыми кеңес отырысы өттіFarabi University

Журналистика факультетінің 2025–2026 оқу жылындағы алғашқы Ғылыми кеңес отырысы өтті

26 қыркүйек, 2025

Журналистика факультетінің 2025–2026 оқужылындағы алғашқы Ғылыми кеңес отырысы өтті

2025 жылғы қыркүйек айында Журналистика факультетінде жаңа оқу жылына арналған Ғылыми кеңестің алғашқы отырысы өтті. Жиынды Ғылыми кеңес төрағасы, факультет деканы Қанат Әуесбайұлы ашып, алда тұрған негізгі мақсаттар мен міндеттер туралы баяндама жасады. Факультет жұмысының негізгі бағыттары айқындалды.

Кеңесте жаңа оқу жылына арналған оқу, ғылыми, әдістемелік және тәрбие жұмыстарының бағыттары нақты белгіленді. Декан орынбасары Рушанова Неля Берікқызы 2025–2026 оқу жылына арналған оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстарының жоспарын таныстырса, ғылыми-инновациялық және халықаралық байланыстарға жауапты орынбасар Ақынбекова Алтын Бақашқызы факультеттің ғылыми-инновациялық әлеуетін арттыруға бағытталған стратегиялық жоспарларымен бөлісті.