
Соңғы жылдары Қазақстанда ғылым мен технологиялардың рөлі айрықша күшейді. Президент төрағалығымен өткен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырыстары елдің ғылыми-талдамалық күн тәртібін нақтылап, «университет – зерттеу – инновация – коммерция» тізбегін жүйелеуге серпін беріп келеді. Осы бағыттағы негізгі вектор – «Ғылым және технологиялық саясат туралы» жаңа заңның қабылдануы, цифрландыру мен жасанды интеллектті ұлттық даму стратегиясының өзегіне айналдыру. Бұл тек технологиялық көштен қалмаудың шарты емес, ең алдымен халықтың әл-ауқаты, жастардың мүмкіндігі және елдің ұзақмерзімді болашағы туралы әңгіме.
«Ғылым және технологиялық саясат туралы» жаңа заңның басты миссиясы – ұлттық инновациялық экожүйені біріктіріп, қаржыландырудың тұрақтылығын қамтамасыз ету; зерттеу инфрақұрылымын жаңарту; интеллектуалдық меншік құқығын қорғау; зерттеу нәтижелерін коммерцияландырудың түсінікті және әділ ережелерін бекіту. Бұған қоса, заң ғылымға бөлінетін қаржының мультиканалды үлгісіне корпоративтік жол ашып, шекті бюрократияны қысқартуға тиіс.
«Университет – зерттеу – инновация – коммерция»: тізбегі бойынша бүгінгі таңда университет тек білім беретін институт емес, кәсіпкерлік ғылымның хабына айналуы қажет. Тізбектің логикасы қарапайым:
- Университет: талант дайындау, іргелі және қолданбалы зерттеулер, ашық ғылыми дерекқорлар;
- Зерттеу: зертханалар, сынақ алаңдары, пилоттық өндіріс, прототиптеу;
- Инновация: стартаптар, патенттер, ЖИ-қуатты шешімдер, салалық консорциумдар;
- Коммерция: венчурлық қаржыландыру, корпоративтік акселерация, экспорт, халықаралық әріптестік.
Бұл «төрттік» дұрыс істесе, ғылым аудиториядан нарыққа тоқтаусыз өтеді. Демек, технологиялық трансферт офисдері, профессорлық құрамға кәсіпкерлік ынталандыру, студенттерге гранттар және индустриямен бірлескен магистрлік, докторлық жобалар барлығы дер кезінде іске қосылуы шарт.
Бұл салада цифрландыру мен жасанды интеллект экономиканың ортақ тілі болуда. Цифрландыру тек мемлекеттік қызметті онлайнға көшіру емес; ол өндіріс, логистика, энергетика, агро, денсаулық сақтау, білім, қаржы секілді барлық саланың ортақ «тілі». Жасанды интеллект болса, осы тілдің «грамматикасы»: дерек сапасы мен қолжетімділігі, есептеу қуаты, үлгілер мен алгоритмдер, этика мен қауіпсіздік қағидалары.
Дегенмен кез келген технологияның құны – адам өміріне, тұрмысына, жұмысына нақты әсерімен өлшенеді, яғни халықтың әл-ауқатын жақсартуға жұмсалу қажет. Халықтың әл-ауқаты дегеніміз – табыс пен жұмыс орындары ғана емес, сапалы білім мен денсаулыққа қолжетімділік, инфрақұрылым, экологиялық қауіпсіздік, цифрлық тең мүмкіндік. Технологиялық саясат осы өлшемдерге тікелей жұмыс істеуі керек. Ол үшін білім беруде цифрлық платформа арқылы жеке оқыту траекториялары мен өмір бойы оқу мүмкіндігін кеңейту, әлеуметтік саясатта мәліметтерге негізделген адресатталған қолдау, экологияда «жасыл» технологияларға (энергия тиімділігі, жаңартылатын энергия, көміртек ізі мониторингі) ғылыми негіз беру.
Осының барлығын дамытатын еліміздің болашағы жастар. Жастар инновацияның негізгі қозғаушы күші. Оларға сапалы білім, зертханалық база, халықаралық академиялық ұтқырлық, венчурлық мәдениет және жеңіл салық реттеу ортасы қажет. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларын ерте кезеңнен STEM, дизайн-ойлау, жобалық оқыту арқылы қолдау болашаққа салынған ең табысты инвестиция. Сондай-ақ, жастардың әлеуметтік капиталын күшейту маңызды: менторлық желілер, индустриялық тәлімгерлік, тәжірибеден өту бағдарламалары, университет–корпорация консорциумдары. Бұл үлгі жастардың ел ішінде жоғары табысты, жаһандық бәсекеге қабілетті стартаптар құруына мүмкіндік береді.
Президент бастамалары мен Ұлттық кеңестің үйлестіру тетіктері, жаңа заңнамалық және «университет – зерттеу – инновация – коммерция» тізбегін дұрыс құру. Цифрландыру мен жасанды интеллект дәуірінде Қазақстанға сапалық секіріс жасауға мүмкіндік береді. Бұл секірістің шынайы өлшемі – халықтың әл-ауқатының өсуі, жастардың кең мүмкіндігі және ұзақмерзімді, инклюзивті болашақ. Бұл салаға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қосар үлесі, атқарар жұмысы қомақты және белсене жұмыс атқаруда.
Мылқайдаров Әлім Төлекұлы
География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы
Басқа жаңалықтар

