- Басты бет
- Жаңалықтар
- Диссертация қорғау жұмыстарын күшейту мақсатында география және табиғатты пайдалану факультеті докторанттарының тыңдауы өтті
Диссертация қорғау жұмыстарын күшейту мақсатында география және табиғатты пайдалану факультеті докторанттарының тыңдауы өтті
27 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінде диссертацияларды уақтылы қорғауды күшейту және ғылыми зерттеулерді аяқтауда қолдау көрсету мақсатында докторанттардың тыңдауы өтті.
Жиынға факультет деканы, диссертациялық кеңестің төрайымы Ақтымбаева А.С. қатысты. Ол диссертациялық жұмыстардың сапасын арттырудың маңыздылығын, докторанттардың ғылыми белсенділігін күшейту қажеттігін және олардың сәтті қорғауына жағдай жасаудың өзектілігін атап өтті.
Кездесуге 2013-2025 жылдар аралығында оқуын аяқтаған, бірақ түрлі себептерге байланысты зерттеулерін қорғауға ұсынбаған докторанттар қатысты. Олар диссертацияларының дайындық деңгейі туралы баяндап, ғылыми жұмыстарды әзірлеу барысында туындаған негізгі мәселелер мен қиындықтарды ортаға салды.
Әсіресе зерттеу әдістемесі, диссертациялардың құрылымы, жарияланым белсенділігі және қорғау рәсімдерінің практикалық қырлары талқыланды.
Мұндай отырыстар негізгі мәселелерді анықтап, жүйелеуге, докторанттарды зерттеулерін аяқтауға ынталандыруға және диссертациялардың уақтылы қорғауға шығуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ақтымбаева А.С. сәтті қорғау тек докторанттардың жеке жетістігі ғана емес, университеттің ғылыми әлеуетін дамытуға қосқан зор үлес екенін атап өтті.
Басқа жаңалықтар

