1 қазан - Қазақстан Республикасы Жоғары білім қызметкерлерінің күні

Кәсіби мерекеге орай, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасында оқытушылардың ғылыми жетістіктерінің көрмесі ұйымдастырылды.
Қ
ұттықтау сөз сөйлеген Университеттің Басқарма төрағасының орынбасары – Бірінші проректор Еркін Эрманұлы Дүйсенов профессор-оқытушылар құрамының отандық ғылымды дамытуға және заң кадрларын даярлауға қосқан елеулі үлесін атап өтті. Өз сөзінде ол жоғары мектеп қызметкерлерінің еңбегінің маңыздылығын, жаңа буын заңгерлерін тәрбиелеудегі рөлін және университеттің халықаралық беделін арттырудағы орнын ерекше атап көрсетті.
Көрмеде оқытушылардың кәсіби біліктілігін және өз ісіне адалдығын айғақтайтын алғыс хаттар мен марапаттар, ғылыми және педагогикалық қызметтегі жетістіктері үшін берілген медальдар мен грамоталар, сондай-ақ кафедра профессор-оқытушылар құрамы әзірлеген ғылыми еңбектер, монографиялар мен оқу құралдары ұсынылды.
Аталған көрме кафедраның көпжылдық тәжірибесі мен ғылыми әлеуетінің жарқын айғағына айналып, азаматтық, іс жүргізу және еңбек құқығы саласында білікті мамандар даярлаудағы үлесін көрсетті. Мұндай іс-шаралар корпоративтік рухты нығайтуға, кәсіби беделді арттыруға және жоғары білім қызметкерлерінің еңбегін тануға ықпал етеді.
Басқа жаңалықтар


