Құқықтану мамандығының студенттерінің «Почетный возраст» қарттар үйіне сапары
.jpeg)
2025 жылдың 28 қыркүйек айында құқықтану мамандығының 108 топ студенттері «Почетный возраст» қарттар үйіне барып, Қарттар күніне орай қайырымдылық іс-шарасын өткізді. Бұл бастама «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасының оқытушысы, топ жетекшісі Базартаева Е.Б. жетекшілігімен ұйымдастырылды.
Студенттер қарттар үйіне азық-түлікпен бірге тұрмыстық қажетті заттарды апарып, үлкендерге қуаныш сыйлауды мақсат етті. Сонымен қатар, жылы лебіздерін білдіріп, қарттармен әңгімелесіп, көңілдерін көтерді.
Жиналған көмектер толықтай қарттар үйінің қажеттіліктеріне жұмсалды. Бұл шараның басты мақсаты- қарттарға құрмет көрсетіп, қоғамда мейірімділік пен ізгілікті дәріптеу болды.
«Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасы
Басқа жаңалықтар


