Математика кафедрасы жаңа қабылданған докторанттармен кездесу өткіздіFarabi University

Математика кафедрасы жаңа қабылданған докторанттармен кездесу өткізді

13 қыркүйек, 2025

2025 жылғы 12 қыркүйекте механика-математика факультетінің Математика кафедрасында биыл қабылданған докторанттардың қатысуымен жиналыс өтті.

Кафедра меңгерушісі Сырым Еркінұлы жас зерттеушілерді білім беру мен ғылыми қызметтің мақсаттары мен негізгі басымдықтарымен таныстырып, іргелі зерттеулердің және ғылым мен қоғамды дамытудағы практикалық үлестің маңыздылығын атап өтті.

Кафедра меңгерушісінің орынбасары Қарлығаш Алматқызы құжаттарды тапсыру тәртібі туралы айтып, ДҒЗЖ критерийлеріне тоқталды. Сондай-ақ академиялық адалдық пен жоғары ғылыми сапаны сақтау қажеттілігі ерекше аталды. Жиын барысында университеттің академиялық саясатын сақтау мәселелері де талқыланды.

Бұл іс-шара Тұрақты даму мақсаты 4 “Сапалы білім беру” жүзеге асуына үлес қосып, инклюзивті және әділ білім беруді қамтамасыз етуге, өмір бойы оқуға мүмкіндік жасауға бағытталған. Сонымен қатар, ғылыми бағыттар мен басымдықтарды талқылау ТДМ 9 “Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым” мақсатына сәйкес келеді, өйткені зерттеулер мен инновациялардың тұрақты дамудағы рөлі ерекше атап өтілді.

Жиналыс жас ғалымдарды қолдау, олардың зерттеу мәдениетін қалыптастыру және академиялық құндылықтарды нығайту жолындағы маңызды қадам болды.

 

Математика кафедрасының меңгерушісі

Касенов С.Е.

Математика кафедрасының меңгерушісінің

Ғылыми-инновациялық жұмыс және

халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары

Досмағұлова Қ.А.