Академик Н.К. Блиевтің 90 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиынFarabi University

Академик Н.К. Блиевтің 90 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын

1 қазан, 2025

Механика-математика факультетінде бірнеше буын математиктерінің ұстазы, көрнекті ғалым Назарбай Қадырович Блиевтің 90 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті.

Іс-шара барысында академик Н.К. Блиев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдық мерейтойлық медалімен марапатталды. Бұл марапат ғалымның отандық ғылым мен білімнің дамуына қосқан зор үлесінің айғағы болды.

Жиналған әріптестер, шәкірттер мен жас зерттеушілер мерейтой иесін шын жүректен құттықтап, Қазақстандағы ғылыми мектептерді дамытудағы және білікті мамандарды даярлаудағы еңбегін ерекше атап өтті.

Академик Н.К. Блиевтің мерейтойы БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) құндылықтарымен сабақтас: ТДМ 4 (Сапалы білім): жаңа буын білікті мамандарды даярлау және ғылыми зерттеулерді қолдау; ТДМ 9 (Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым): іргелі ғылымды инновациялық дамудың негізі ретінде дамыту; ТДМ 17 (Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін әріптестік): ғылыми қауымдастықты нығайту және ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету.

Жиын академиктің ғылыми мұрасының маңыздылығын және Қазақстанда тұрақты білім мен ғылымды дамытудың өзектілігін көрсетті.

 

Математика кафедрасының меңгерушісі

Касенов С.Е.

Математика кафедрасының меңгерушісінің

Ғылыми-инновациялық жұмыс және

халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары

Досмағұлова Қ.А.