- Басты бет
- Жаңалықтар
- Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция: білім мен ғылымдағы математикалық модельдеу және ақпараттық технологиялар
Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция: білім мен ғылымдағы математикалық модельдеу және ақпараттық технологиялар

2025 жылғы 1–3 қазан аралығында Алматы қаласында «Математикалық модельдеу мен ақпараттық технологиялар білімде және ғылымда» атты Х Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтті. Конференцияға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Механика-математика факультеті, Есептеу ғылымдары және статистика кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор, қауымдастырылған профессор Темирбеков А.Н. «Жасанды интеллект әдістерін қолдана отырып, рудалық перспективалы нысандарды бөліп көрсетуге арналған болжамдық-іздестіру географиялық ақпараттық жүйесін әзірлеу» атты тақырыпта баяндама жасады.
Конференция мектеп информатикасының 40 жылдығына және педагогика ғылымдарының докторы, профессор Е.И. Бидайбековтың 80 жылдық мерейтойына арналды.
🌍 Іс-шара барысында математикалық модельдеу, ақпараттық технологияларды білім мен ғылымда қолдану, цифрлық білім беру жүйесін дамыту және заманауи әдістемелік тәжірибелер талқыланды.
Бұл конференцияға отандық және шетелдік ғалымдар қатысып, білім беру мен ғылымдағы инновациялық бағыттар бойынша пікір алмасты.
«Математикалық модельдеу мен ақпараттық технологиялар білімде және ғылымда» атты Х Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен өзара үндесті:
ЦУР 4 «Сапалы білім» – конференция студенттердің инновациялық технологиялар саласындағы құзыреттерін дамытуға ықпал етті;
ЦУР 9 «Индустриализация, инновации и инфраструктура» – жасанды интеллектті зерттеу және қолдану мәселелерін талқылап, ғылым мен өндірісте инновацияларды ілгерілетуге бағытталды;
ЦУР 17 «Тұрақты даму мүддесіндегі серіктестік» – университет пен түлектер арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға жол ашты.
Есептеу ғылымдары кафедрасы
Басқа жаңалықтар


