ҚазҰУ-да жасанды интеллект пен академиялық адалдық тақырыбында дебат өтті

2025 жылғы 2 қазан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Механика-математика факультеті, Есептеу ғылымдары және статистика кафедрасында «Білім беруде жасанды интеллект: перспективалар, қауіптер және академиялық адалдыққа әсері» тақырыбында дебат өтті.
Жиын барысында Қазақстан Республикасында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында жасанды интеллект пен үлкен деректерді дамытуға қойылған стратегиялық міндеттердің маңыздылығы атап өтілді. Атап айтқанда, білім мен ғылым саласында цифрлық шешімдерді енгізу, отандық IT-инфрақұрылымды күшейту, сондай-ақ жас зерттеушілерді жаңа технологияларды меңгеруге тарту мәселелері көтерілді.
🤖 AI апталығы – студенттер мен жас ғалымдардың жасанды интеллект саласындағы білімін тереңдетуге, тәжірибе алмасуға және жаңа ғылыми идеяларды талқылауға арналған алаң. Бағдарламаның басты мақсаты – машиналық оқыту, деректерді өңдеу, нейрондық желілер және қашықтықтан зондтау технологиялары бойынша тәжірибелік семинарлар, тренингтер мен шеберлік сабақтарын өткізу арқылы студенттердің ғылыми әлеуетін арттыру.
Апталық аясында:
• Машиналық оқыту алгоритмдерін қаржы, медицина және геология салаларына қолдану;
• Үлкен деректерді талдау және визуализациялау;
• Ғарыштық деректер негізінде интеллектуалды шешімдер әзірлеу;
• Жасанды интеллект көмегімен модельдеу және болжау әдістері қарастырылды.
Кездесулер барысында студенттер мен жас ғалымдар заманауи AI құралдарымен жұмыс істеуді үйреніп қана қоймай, өз ғылыми жобаларына қолдану мүмкіндіктерін де талқылады.
Мұндай кездесулер БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) жүзеге асуына ықпал етеді, атап айтқанда:
ТДМ 4 «Сапалы білім» — студенттердің инновациялық технологиялар саласындағы құзыреттерін дамыту;
ТДМ 9 «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым» — жасанды интеллектті зерттеу мен қолдануды ілгерілету;
ТДМ 17 «Тұрақты даму мүддесіндегі серіктестік» — университет пен халықаралық деңгейде еңбек етіп жүрген түлектер арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Басқа жаңалықтар


