Керімбаев Рашид Қайратұлының Шанхай университетіне ғылыми іссапарыFarabi University

Керімбаев Рашид Қайратұлының Шанхай университетіне ғылыми іссапары

29 қыркүйек, 2025

2025 жылғы 22–27 қыркүйек аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика-математика факультетінің Математика кафедрасының аға оқытушысы, физика-математика ғылымдарының кандидаты Керімбаев Рашид Қайратұлы Қытай Халық Республикасының Шанхай қаласындағы Шанхай университетінің Менеджмент мектебінде ғылыми іссапарда болды.

Сапар барысында Керімбаев Р.К. халықаралық ғылыми семинарға қатысып, экономикалық теңсіздіктің аймақтық аспектілеріне, инновациялар мен кәсіпкерліктің даму факторларына арналған баяндамасын ұсынды. Сонымен қатар, профессор Shan Juan (School of Management, Shanghai University) және басқа да ғалымдармен ғылыми кеңес өткізіп, экономикалық мінез-құлық, бренд сәйкестігі мен тұтынушылық тұрақтылықты зерттеу әдістері жөнінде тәжірибе алмасты.

Іссапар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жобасы № AP19679799 «Өсу факторлары мен аймақтық айырмашылықтарды еңсерудің кеңістіктік әдістемесін жетілдіру» аясында жүзеге асырылды. Бұл сапар халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтып, жас зерттеушілердің кәсіби құзыреттерін арттыруға мүмкіндік берді.

Бұл жұмыс тұрақты даму принциптерін іске асыруға, ең алдымен, мынадай БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізуге үлес қосады: ТДМ 4 — Сапалы білім, ТДМ 9 — Өнеркәсіп, инновациялар және инфрақұрылым, ТДМ 10 — Теңсіздікті азайту, ТДМ 17 — Тұрақты даму мақсатында серіктестіктер.

 

Математика кафедрасының меңгерушісі

Касенов С.Е.

Математика кафедрасының меңгерушісінің

Ғылыми-инновациялық жұмыс және

халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары

Досмағұлова Қ.А.