Fulbright бағдарламасы аясында профессор Ермек Нұрқайдаров кафедрамызFarabi University

Fulbright бағдарламасы аясында профессор Ермек Нұрқайдаров кафедрамыз

4 қазан, 2025

2025 жылғы қазан айында механика-математика факультетінің Математика кафедрасына АҚШ-тан келген профессор Ермек Нұрқайдаров Fulbright халықаралық бағдарламасы аясында өз қызметін бастады.

Профессор Нұрқайдаров — Pennsylvania State University-дің өкілі, Fulbright U.S. Scholar грантының иегері. Ол алдағы академиялық жыл бойы бакалавриат және магистратура деңгейлерінде сабақ беріп, математикалық білім берудің инновациялық әдістерін енгізуге және академиялық ынтымақтастықты дамытуға үлес қосады.

Fulbright бағдарламасы — әлемдегі ең беделді халықаралық академиялық алмасу жобаларының бірі. Оның басты мақсаты — елдер арасындағы өзара түсіністік пен ғылыми серіктестікті нығайту. Профессордың келуі факультеттегі білім беру сапасын арттыруға, халықаралық тәжірибе алмасуды дамытуға және ғылыми қауымдастықтар арасындағы байланысты кеңейтуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Бұл жұмыс тұрақты даму принциптерін іске асыруға, ең алдымен, мынадай БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізуге үлес қосады: ТДМ 17 — Тұрақты даму мақсатында серіктестіктер.

 

 

Математика кафедрасының меңгерушісі

Касенов С.Е.

Математика кафедрасының меңгерушісінің

Ғылыми-инновациялық жұмыс және

халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары

Досмағұлова Қ.А.