Касенов Сырым Еркинович кафедра меңгерушісі болып тағайындалдыFarabi University

Касенов Сырым Еркинович кафедра меңгерушісі болып тағайындалды

1 қазан, 2025

Механика-математика факультетінің Математика кафедрасына жаңа басшы тағайындалды. Кафедра меңгерушісі қызметіне Касенов Сырым Еркинович бекітілді.

Сырым Еркинович – тәжірибелі ғалым әрі ұстаз, сандық әдістер, интегралдық теңдеулер және математикалық модельдеу салалары бойынша зерттеулер жүргізіп келеді. Ол кафедраның ғылыми әлеуетін арттыруға, жас ғалымдарды қолдауға және халықаралық серіктестікті кеңейтуге бағытталған бастамаларды жүзеге асыруды көздейді.

Касенов С.Е. басшылығымен кафедра жұмысы сапалы білім беру, инновациялық зерттеу және ғылыми қоғамдастықтар арасындағы серіктестікті дамытуға басымдық береді. Бұл бағыттар БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен, атап айтқанда, сапалы білім (ТДМ 4), инновациялар мен инфрақұрылым (ТДМ 9), сондай-ақ серіктестік пен ынтымақтастық (ТДМ 17) қағидаттарымен үндеседі.

 

Математика кафедрасының меңгерушісінің

Ғылыми-инновациялық жұмыс және

халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары

Досмағұлова Қ.А.