Туристік агенттікке аудиториядан тыс сабақ ұйымдастырылды
2025 жылдың 2 қазанында «Туризм» мамандығының 3 курс студенттері үшін «Туристік іс-әрекеттің психологиясы» пәнінің оқытушысы Бейсахмет А.А. және Қалиева А.Б. ұйымдастыруымен «Azim tour» туристік агенттігіне аудиториядан тыс сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты – студенттердің теориялық білімдерін тәжірибеде бекіту және туристік қызмет көрсету саласындағы психологиялық ерекшеліктерді тереңірек түсіндіру болды. Сапар барысында студенттер турфирманың жұмысымен жан-жақты танысып, клиенттермен қарым-қатынас орнату мәдениетін, туристердің мінез-құлық ерекшеліктерін талдау әдістерін меңгерді. Сонымен қатар, тәжірибелік бөлімде туристік қызмет көрсету барысында жиі кездесетін психологиялық жағдайларды шешу жолдары қарастырылды.
Студенттердің пікірінше, мұндай тәжірибелік сабақтар тек пәнге деген қызығушылықты арттырып қана қоймай, болашақ кәсіби дағдыларды қалыптастыруға да ықпал етеді. «Azim tour» туристік агенттігіне жасалған бұл сапар студенттер үшін пайдалы әрі әсерлі тәжірибе болды.
Басқа жаңалықтар

