Қазақстан Республикасының Жоғары білім қызметкерлері күніFarabi University

Қазақстан Республикасының Жоғары білім қызметкерлері күні

3 қазан, 2025

1 қазан — Қазақстан Республикасының Жоғары білім қызметкерлері күніне орай, География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының 2–3 курс 6В07304 – Кадастр білім беру бағдарламасының студенттері мен куратор-эдвайзерлері Аубакирова Г.Б. және Асанбаева А.Ә. ұстаздарға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шара барысында студенттер ұстаздарға жүрекжарды тілектерін білдіріп, ән мен күйден, өлең мен арнаудан құралған концерттік бағдарлама ұсынды. Мерекелік жиында ұстаздардың қажырлы еңбегі мен білім беру ісіне қосқан үлесі ерекше атап өтілді.

Кафедра ұжымы студенттердің шығармашылық белсенділігі мен алғысына ризашылық білдіріп, мұндай шаралардың ұстаз бен шәкірт арасындағы рухани байланысты нығайтып, кафедра ұжымындағы жылы атмосфераны арттыра түсетіні айтылды.