ТДМ 4 : “Сапалы білім” шеңберінде "Жоғары білімнің рөлі" тақырыбындағы іс-шара

2025 жылғы 7 қазанда Шет тілдері кафедрасында "Жоғары оқу орнының мемлекеттің дамуындағы рөлі" тақырыбында іс-шара өтті. Ұйымдастырып өткізген аға оқытушылар Д. М. Махметова, Е.И. Луговская, З.С. Несіпбаева. Қатысушылар: Химия және химиялық технология факультетінің бірінші курс студенттері. Іс-шара гибридті форматта өтті - бір уақытта онлайн және аудиторияда: бұл әр түрлі елдердің қатысушылары және біздің университеттің оқытушылары мен студенттеріне бірлесе жұмыс жасауға мүмкіндік берді.
Іс шара барысында студенттер өздерінің шетелдік достарымен бірігіп презентациялар ұсынды. Қатысушылар жоғары білімнің маңыздылығы туралы, сондай-ақ, болашақ маман ретінде еліміздің өркендеуіне қандай жеке үлес қоса алатындарын айтты.
Ерекше пікір-талас туғызған баяндамалар:
Артем Полищук (Померан университеті, Слупск, Польша),
Газамов Сұлтан (Рочестер технологиялық институты, Ұлыбритания),
Илья Жариков (Вена университеті, Вена қ., Австрия).
Олар Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму мақсатында академиялық ұтқырлықтың болашағы туралы және шетелдегі оқу тәжірибесімен бөлісті. Қатысушылар ерекше қызығушылықпен жас мамандардың болашақта Отанымыздың даму жолдары туралы идеяларын тыңдады. Іс-шара студенттерге сапалы білім берудің маңыздылығын түсінуге ықпал етті, сондай-ақ тұрақты факторлар ретінде халықаралық ынтымақтастық және академиялық байланыстардың рөлін анықтады.
Басқа жаңалықтар

