«ҰСТАЗҒА ТАҒЗЫМ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫНА ҚҰРМЕТ»Farabi University

«ҰСТАЗҒА ТАҒЗЫМ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫНА ҚҰРМЕТ»

7 қазан, 2025

 «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Ақционерлік қоғамының филиалы Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институты ұйымдастырып отырған бұл шарада біз ұстаздарға деген құрметімізді білдіріп қана қоймай, педагогтердің кәсіби жетістіктерін де  дәріптейтін боламыз. Ардақты ұстаздарымыздың еңбегі — ел болашағының кепілі. Бүгінгі мерекелік жиынға өмірін білім беру ісіне арнаған институтымыздың ардақты зейнеткерліктегі ардагер ұстаздарды да арнайы шақырып, Ұстаздар күніне арнап «Ұстазға тағзым – ұлт болашағына құрмет» атты салтанатты шара  өткізді.

          Оған педагогика ғылымдарының докторы, ҚР Білім беру ісінің үздігі, «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері», географиядан Республикалық атаулы мектептің ғылыми жетекшісі, ҚазҰУ-ға сіңірген еңбегі үшін әл-Фарабидің Күміс меделімен марапатталған (2024),  әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің география факультетінің профессоры   -Есназарова Ұлжалгас Әмзеқызын  арнайы  құрметті  қонақ ретінде шақырды.

Алғашқы  құттықтау сөз Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының директоры - Мелдебеков Ержан Тұрғанбайұлы алып жиналған ұстаздарды  төл мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар,  тағы бір маңызды оқиға – «Педагогикалық идеялар панорамасы» конкурсының өңірлік кезеңі бойынша  жеңімпаздарды марапаттау рәсімін өткізді.

 Ержан Тұрғанбайұлы «бұл конкурс – білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған педагогикалық идеялармен тәжірибе алмасуға арналған кәсіби алаң. Сонымен қатар, ол педагогтерге өздерінің нәтижелі тәжірибесін ұсынуға, көрсетуге және таратуға зор мүмкіндік береді. Конкурстың миссиясы – педагогтердің тиімді әрі жаңашыл тәжірибесін қолдау және тарату арқылы білім сапасын арттыруға ықпал ету» екеніне тоқталды. Осымен қатар  білім алушылардың оқу, математикалық, жаратылыстану-ғылыми, цифрлық, қаржылық, экологиялық және мәдениетаралық сауаттылықтарын дамытуға бағытталған авторлық идеяларды анықтап, көрсету. Осы ретте, өңірлік кезеңге Алматы  қаласы мектептерінен  602 педагогы қатысып, өз педагогикалық идеяларын ортаға салды. Нәтижесінде, 42 ұстаз жеңімпаз атанды. Оқу сауаттылығы бағыты бойынша үздік деп танылған ұстаздарды сахнаға шақырды. Бұл ұстаздар – шәкірттердің оқу мәдениетін қалыптастырып, ойлау көкжиегін кеңейтуге зор үлес қосатын тың идеяларымен ерекшеленген. Ендігі кезекте Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бағыты жеңімпаздарын құттықтаймыз. Ғылымға жетелеп, тәжірибе арқылы ойлануға үйреткен ұстаздарға қошемет көрсетіп, жеңімпаз болған  ұстаздарға дипломды табыстау үшін Есназарова Ұлжалгас Әмзеқызын шақырды.. 

- І дәрежелі дипломмен АМЗЕЕВ Рауан Есенгелдіұлы, №159 гимназияның биология пәні мұғалімі марапатталды.

ІІ дәрежелі дипломмен 1. ИСАЕВА Жаңылсын Әкімбекқызы №211мектептің мұғалімі, 2. ИСКАКОВ Бақтияр Әбутәліпұлы әл-Фараби атындағы  ҚазҰУмектебінің мұғалімі марапатталды.

ІІІ  дәрежелі  дипломмен 1.УТЖАНОВА Шынар Кенесбайқызы  №104 ЖББМ, 2. АБДУЖАМАЛОВА  Бекзада Ахмедқызы  №211 ЖББМ, 3. ОРЫНБАЕВА Айжан  Нысанбекқызы №31 ЖББМ мұғалімдері марапатталды.

Институтының директоры - Мелдебеков Ержан Тұрғанбайұлы мырза  профессор Ұ.Ә.Есназароваға өмір жолы туралы айтып, мерекелік іс-шараға қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапаттады.