- Басты бет
- Жаңалықтар
- ШЫҒЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІНДЕ ПАРСЫ, ТӘЖІК ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ӘДЕБИ БАЙЛАНЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
ШЫҒЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІНДЕ ПАРСЫ, ТӘЖІК ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ӘДЕБИ БАЙЛАНЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

2025 жылдың 7 қазанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультетінде белгілі шығыстанушы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанындағы Исламтану институтының директоры Қыдыр Төрәлі Еділбайұлы «Парсы-тәжік және қазақ қазақ халқына ортақ әдеби желілер мен арналар» атты кітабының тұсаукесері өтті. Шара Тәжікстан Республикасының Мемлекеттік тіл күнін мерекелеу аясында ұйымдастырылды.
Тұсаукесер рәсіміне мәртебелі қонақтар қатарында Тәжікстан Республикасының Алматыдағы Бас консулы м.а. Абдукодир Рахимджони мырза және Иран Ислам Республикасының Бас консулы Сона Ахмади ханым, сондай-ақ Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушылары мен студенттері қатысты. Шығыстану факультетінің деканы М.Ш. Эгамбердиев құттықтау сөз сөйлеп, Тәжікстан, Иран және Қазақстан халықтарының рухани-мәдени байланыстарына тоқталды. Одан кейін Тәжікстан мен Иран Ислам Республикасының дипломатиялық өкілдері мен Арабтану орталығының директоры, фил.ғ.д., доцент Жұбатова Баян Нұрсұлтанқызы, PhD Батырхан Болатбек Шәденұлы құттықтау сөз сөйледі. Кейін кітап авторы Қыдыр Төрәлі Еділбайұлы аталған еңбегінің түйінді идеяларымен таныстырды. Салтанатты шара шығыстану ғылымының дамуындағы жаңа тараудың ашылуын білдіретін салтанатты лента қиюмен және естелік фотосессиямен жалғасты.
Қыдыр Төрәлі Еділбайұлының шығармашылығы салыстырмалы шығыс әдебиетінің дамуына қосылған маңызды үлес болып табылады және шығыстану мектебінің жоғары ғылыми әлеуетін дәлелдейді. Кітап тек ғылыми-зерттеу еңбегі ғана емес, сонымен қатар Қазақстан, Иран және Тәжікстан арасындағы мәдени қарым-қатынастың көпірі іспеттес.
Басқа жаңалықтар

