ШЫҒЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІНДЕ АРАБ КАЛЛИГРАФИЯСЫ БОЙЫНША ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ ӨТТІ
.jpeg)
Қазан айының 7 жұлдызы Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында араб каллиграфиясына арналған шеберлік сабағы өтті. Іс-шараны ұйымдастырған — Арабтану орталығы.
Шеберлік сабағын белгілі қазақстандық каллиграф, «Нұр-Мүбәрак» университетінің түлегі Орынбасар Асылбек Байұзақұлы өткізді. Спикер өз сөзінде араб каллиграфиясының тарихи және көркемдік ерекшеліктерін таныстырып, насх және сульс жазу үлгілерін көрсетті, сондай-ақ ислам өнерінің философиясы мен оның Шығыс рухани мәдениетіндегі орнын түсіндірді.
Іс-шара барысында мәдени мұраны сақтау, эстетикалық талғам мен көркемдік дүниетанымды қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Шеберлік сабағына «Шығыстану» және «Аударма ісі» білім беру бағдарламаларының 1–3 курс студенттері қатысып, араб каллиграфиясын мәдениетаралық диалог пен шығармашылық өрнек ретінде таныды.
Мастер-класс Тұрақты даму мақсаты №4 – “Сапалы білім беру” аясында өткізіліп, жастардың рухани-эстетикалық құндылықтарын және мәдениетаралық құзыреттерін дамытуға бағытталды.
Басқа жаңалықтар

