"Тұлғалық даму және көшбасшылық".
Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) №4 — «Сапалы білім» бағыты аясында 2025 жылдың 1 қазан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих факультетінде «6B02213 – Музеология және тарихи-мәдени туризм» білім беру бағдарламасы бойынша студенттерге арналған «Тұлғалық даму және көшбасшылық» атты кураторлық сағат өткізілді.
Іс-шара барысында студенттермен тұлғалық дамудың негізгі кезеңдері, өзін-өзі жетілдірудің маңызы және көшбасшылық қасиеттердің қазіргі қоғамдағы рөлі жан-жақты талқыланды.
Топтық жұмыс барысында студенттер көшбасшыға тән қасиеттерді айқындап, өз ой-пікірлерін ортаға салып, өмірден алынған нақты мысалдар келтірді. Сонымен қатар, кәсіби және жеке дамуда көшбасшылық қабілеттердің маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Кураторлық сағаттың негізгі мақсаты – студенттердің өзін-өзі дамытуға деген қызығушылығын арттыру, көшбасшылық қабілеттерін жетілдіру және ұжым ішінде тиімді қарым-қатынас орната білуге бағыт беру болды.
Қорытындысында қатысушылар тұлғалық дамудың үздіксіз еңбек пен ізденістің нәтижесінде қалыптасатынын, ал көшбасшылық қасиеттерді әрбір адам өз бойына дарыта алатынын түсінді.