Біздің теңіздерді құтқарамыз.Farabi University

Біздің теңіздерді құтқарамыз.

8 қазан, 2025

2025 жылдың 8 қазанында «Мұхиттарды, теңіздерді және теңіз ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану» Тұрақты дамудың 14 мақсатын іске асыру шеңберінде шет тілдер кафедрасының аға оқытушылары Н.Б. Момбекова, Н.А.Суттибаев, А.Б. Абылкасова, А.Н. Ахмедова, А.Т. Мурзатаева, А.С. Режеп, С.А.Мулдагалиева, М.Ж. Ноғайбаева биология және биотехнология факультетінде «Save our seas» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға факультеттің бірінші курс студенттері белсенді қатысты.

Дөңгелек үстел барысында студенттер «Marine biotechnology: how ocean life helps solve human problems”, “Ocean acidity and climate change”, “Sustainable fisheries: feeding the world without emptying the oceans”  және т.б. сияқты мұхиттар мен теңіздерге әсер ететін өзекті мәселелер бойынша сұрақтар талқыланды.

Дөңгелек үстел қатысушыларға сертификаттар табыстаумен аяқталды.