Тұрақты даму мақсаттарының 17 бағытына арналған онлайн іс-шараFarabi University

Тұрақты даму мақсаттарының 17 бағытына арналған онлайн іс-шара

8 қазан, 2025

2025 жылғы 8 қазанда Экономика және бизнес жоғары мектебінің 1-курс студенттерінің қатысуымен Тұрақты даму мақсаттарының 17 бағытына арналған онлайн іс-шара өтті.

Қатысушылар:

- Экономика және бизнес жоғары мектебінің бірінші курс студенттері;

- ағылшын тілі пәнінің мұғалімі және зерттеуші А.Қ. Бақасова, Инновациялық Еуразия университеті;

– аға оқытушы, PhD докторы, Г.Б. Қыдырбаева, Абай атындағы ҚазҰПУ.

Кездесу барысында студенттер ТДМ негізгі бағыттарымен танысып, олардың қазіргі қоғам үшін маңыздылығын және тұрақты болашаққа жету жолдарын талқылады. Қатысушылар белсенділік танытып, жергілікті деңгейде мақсаттарды жүзеге асыру бойынша өз ойларымен бөлісті.

Іс-шара студенттердің экологиялық және әлеуметтік санасын арттырып, ғаламшар болашағына жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал етті.

Шетел тілдері кафедрасының оқытушылары: Бекалаева А.О., Мурумбаева Г.А., Оразбекова И.Г., Халенова А.Р., Тлеугабылова З.А. жетекшілігімен өтті.