1 курс “Шетел тілі: екі шетел тілі” мамандығы студенттерінің сирек кітаптар музейіне саяхатыFarabi University

1 курс “Шетел тілі: екі шетел тілі” мамандығы студенттерінің сирек кітаптар музейіне саяхаты

7 қазан, 2025

«Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 1-курс, 106-топ студенттері Ақжигитова Арайлымның куратор-эдвайзерлық жұмыс аясында және «Бейбіт және ашық қоғам» тұрақты даму мақсатына сәйкес Сирек кітаптар музейіне экскурсия жасады. Бұл іс-шараның басты мақсаты – студенттердің тарихи танымын кеңейтіп, бейбітшілік пен әділдік қағидаттарын ұғындыру, сондай-ақ мәдени мұраға деген құрмет сезімін қалыптастыру болды.

Экскурсия барысында студенттер әр дәуірге арналған бірегей залдармен танысты. Күлтегін дәуіріне арналған бөлмеде түркі өркениетінің бай мұрасы мен ежелгі жазба ескерткіштері көрсетілсе, Алаш Орда қайраткерлеріне арналған бөлімде ұлт тәуелсіздігі мен әділ қоғам құру жолындағы күрес тарихы баяндалды. Ал Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уәлиханов және Абай Құнанбайұлы сияқты ұлы тұлғаларға арналған экспозицияда қазақ ағартушылығының рухани іргетасы таныстырылды.

Мұндай іс-шаралар студенттердің рухани дүниетанымын байытып, мәдениетаралық түсіністік пен толеранттылықты дамытуға ықпал етеді. Сонымен қатар, жастардың азаматтық жауапкершілігін арттырып, қоғамдағы бейбітшілік пен әділдік құндылықтарын дәріптеуге бағытталған «Бейбіт және ашық қоғам» идеясының мәнін терең сезінуге мүмкіндік береді.