- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Қазіргі қазақстандық проза: жетекші тенденциялар, жаңа есімдер, зерттеу перспективалары»
«Қазіргі қазақстандық проза: жетекші тенденциялар, жаңа есімдер, зерттеу перспективалары»

Құрметті әріптестер!
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасы
2025 жылғы 23-24 қазанда Халықаралық ғылыми-практикалық конференция
«Қазіргі қазақстандық проза: жетекші тенденциялар, жаңа есімдер, зерттеу перспективалары» өтеді.
Конференцияның мақсаты – Тәуелсіздік дәуіріндегі Қазақстан жазушыларының жаңа туындыларын тарихи-мәдени кеңістікте зерделеу саласындағы бірлескен күш-жігерді үйлестіру. Конференция Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің АР19679652 «Қазақстанның қазіргі замандағы орыс прозасы: жетекші тенденциялар, жанр, сюжет, қаһарман» гранттық жобасын іске асыру аясында өткізілуде.
Конференцияның тақырыптық бағыттары
1. Қазіргі Қазақстан прозасындағы жетекші бағыттар: тақырыптар мен мотивтер, жанрлық әртүрлілік, баяндау стратегиялары.
2. Жас авторлар және жаңа есімдер: әдеби дебюттер және жеке стильдік ерекшеліктері.
3. Қазіргі қазақстандық прозаның гендерлік аспектілері: әйелдер жазуы және гендерлік өкілдік.
4. Қазіргі прозадағы аймақтық ерекшеліктер мен жергілікті әңгімелер.
5. Цифрлық әдебиет және әңгімелеудің жаңа түрлері: блогтар, платформалық мәтіндер, мультимедиялық форматтар.
6. Қазіргі Қазақстан прозасы мектеп және университет бағдарламаларында: оқыту әдістемесі және канон мәселесі.
Конференция аралас форматта (жеке және онлайн) өтеді.
Жұмыс тілдері: орыс, қазақ, ағылшын.
Күні: 23-24 қазан 2025 ж
Өтетін орны: Алматы қаласы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология факультеті 310 ауд.
Ұйымдастыру комитеті
Басқа жаңалықтар

