" Жасыл энергия: Шешімдер мен ұсыныстар "

Бүгін, 9 қазан күні сағат 15:00-де «Қымбат емес және таза энергия мекендер» тұрақты даму мақсаты негізінде "Жасыл энергия: Шешімдер мен ұсыныстар" атты студенттік іс-шара өтті. Шараның басты мақсаты – экологиялық сананы қалыптастыру және энергия көздерін тиімді пайдалану арқылы қоршаған ортаны қорғау идеяларын насихаттау болды. Іс-шара барысында студенттер көліктер мен транспорт түрлерінің табиғатқа тигізетін кері әсері жайында өз зерттеулерін таныстырды. Олар ауа мен судың ластануы, көмірқышқыл газының көбеюі сияқты өзекті экологиялық мәселелерге тоқталды.
Сонымен қатар студенттер электр көліктерін, велосипедті және қоғамдық көлікті қолдануды ынталандыру, сондай-ақ жел, күн және су энергиясы сияқты баламалы энергия көздерін кеңінен енгізу жөнінде тиімді ұсыныстар ұсынды.
Іс-шара барысында пікірталас, сұрақ-жауап және шағын топтық талқылаулар ұйымдастырылды. Әр топ өз идеяларын креативті түрде, слайдтар мен бейнематериалдар арқылы ұсынды. Шара соңында ең үздік жобалар іріктеліп, белсенді қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды. Мұндай іс-шаралар студенттердің экологиялық сауаттылығын арттырып қана қоймай, тұрақты даму қағидаттарына деген қызығушылығын күшейтеді. Жалпы, бұл кездесу жас ұрпақтың табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін арттырған мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор шара болды.
Ұйымдастырған: Түркітану және тіл теориясы кафедрасының оқытушысы Нұрланғазықызы Балнұр, «6В01704-Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 2-курс студенттері
Басқа жаңалықтар

