«Құрлық экожүйелерін сақтау»Farabi University

«Құрлық экожүйелерін сақтау»

10 қазан, 2025

«Құрлық экожүйелерін сақтау» тақырыбындағы іс-шара 2025 жылғы 10 қазанда «Гидрология» мамандығының студенттерімен Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру бағдарламасы аясында өткізілді. Іс-шараның мақсаты – студенттердің экологиялық сауаттылық деңгейін арттыру, болашақ мамандарға құрлық экожүйелерінің тозуы мәселелері мен оларды сақтаудың жолдары туралы білім беру, сондай-ақ талдау жасау дағдыларын дамыту және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану бойынша практикалық ұсыныстар әзірлеу болды. Сабақтың басында оқытушы студенттерді БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарының міндеттерімен таныстырып, құрлық экожүйелерін, ормандарды және биологиялық алуантүрлілікті қорғаумен байланысты бағыттың маңыздылығын атап өтті. Бұдан кейін студенттер ормандардың жойылуы, шөлейттену, Қазақстандағы дала мен шөл экожүйелерін сақтау, сирек және жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарларды қорғау, сондай-ақ жер мен су ресурстарын ұтымды пайдалану мәселелерін қамтыған баяндама, презентация және плакаттар ұсынды. Іс-шара нәтижесінде студенттер табиғатты қорғаудың заманауи мәселелері туралы білімдерін тереңдетті, құрлық экожүйелерін қорғаудың халықаралық және ұлттық стратегияларын түсінуді арттырды, ресурстарды ұтымды пайдалану бойынша практикалық ұсыныстар жасады, алынған білімді болашақ кәсіби қызметінде қолдануға белсенділік пен қызығушылық танытты. Өткізілген сабақ экологиялық жауапкершілікті қалыптастыруға және гидрологтардың тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асырудағы кәсіби рөлінің маңыздылығын түсінуге ықпал етті.