- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ мен PolyU қонақ дәрістер сериясын жалғастыруда: д-р Нан Чен овертуризмге ұшыраған дестинациялардың әлеуметтік тұрақтылығы туралы баяндама жасады
ҚазҰУ мен PolyU қонақ дәрістер сериясын жалғастыруда: д-р Нан Чен овертуризмге ұшыраған дестинациялардың әлеуметтік тұрақтылығы туралы баяндама жасады

2025 жылғы 10 қазанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де PolyU–KazNU онлайн-дәрістер сериясының екінші сабағы өтті. Бұл дәрісті Гонконг Политехникалық университетінің (PolyU) Қонақ үй және туризм менеджменті мектебінің доценті д-р Нан Чен оқыды. Дәріс тақырыбы – «Social Sustainability in Over-tourism Destinations» (Овертуризм жағдайындағы дестинациялардың әлеуметтік тұрақтылығы).
Іс-шараны PolyU–ҚазҰУ Орталық Азиядағы тұрақты даму орталығы мен рекреациялық география және туризм кафедрасы бірлесіп ұйымдастырды. Дәрісті орталықтың әкімшілік ассистенті, әрі кафедраның аға оқытушысы Елдар Нұрұлы жүргізді. Дәріс бакалавр, магистратура және докторантура студенттері мен оқытушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Дәрістің мазмұны
Д-р Нан Чен өз баяндамасында овертуризм жағдайындағы әлеуметтік тұрақтылық мәселелерін жан-жақты талқылады. Ол жергілікті тұрғындардың туризмге деген көзқарасын, олардың эмоциялық реакциясын және туризмнің даму үдерісіне қатысу деңгейін зерттеу нәтижелерімен бөлісті. Ғалым Resident Sentiment Index, Ambivalence Barometer және TOUROMETER сияқты инновациялық құралдарды таныстырып, қоғамдағы туристік ахуалды талдаудың ғылыми тәсілдерін түсіндірді.
Сондай-ақ, д-р Чен өз зерттеуінің екінші бағытын - туристік стереотиптерді талдады. Ол жергілікті халықтың туристерге деген көзқарасына әдептілік, мінез-құлық мәдениеті мен экономикалық мәртебе сияқты факторлардың әсерін нақты мысалдармен көрсетті. Бұл зерттеу барысында ғалым бейне-виньетка әдісін пайдаланып, қатысушылардың шынайы эмоцияларын бейне сценарийлер арқылы талдады.
Сұрақ-жауап бөлімі
Дәріс соңында студенттер туризмдегі эмоциялық талдау әдістері мен бейне-виньеткаларды кросс-мәдени зерттеулерде қолдану жөнінде мазмұнды сұрақтар қойды. Д-р Чен барлық сұрақтарға нақты әрі терең жауап беріп, зерттеу жүргізудің тәжірибелік қырларымен бөлісті.
Маңызы және өзектілігі
Дәріс қатысушыларға туризм саласындағы әлеуметтік тұрақтылықты бағалау мен арттырудың ғылыми негіздерін түсінуге мүмкіндік берді. Бұл тақырыптар Орталық Азия елдері үшін ерекше өзекті, себебі туризмнің өсуі жергілікті қауымдастықтардың әл-ауқатымен және тұрақты даму қағидаттарымен тығыз байланысты.
Д-р Нан Ченнің дәрісі БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен (ТДМ), әсіресе туризмнің әлеуметтік аспектілеріне қатысты мақсаттарымен үндес болды. Бұл дәріс жергілікті тұрғындардың әл-ауқаты, қауымдастықтардың тұрақтылығы және туристердің жауапты мінез-құлқы талқыланып, бұл бағыттар ТДМ 8 (Лайықты еңбек пен экономикалық өсу), ТДМ 11 (Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар) және ТДМ 12 (Жауапты тұтыну мен өндіріс) мақсаттарымен тығыз байланысты екенін атап өту қажет. Әлеуметтік тұрақтылық овертуризм жағдайында инклюзивті және теңгерімді туризм дамуының негізі ретінде қарастырылды.
Алғыс білдіру
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті д-р Нан Ченге мазмұнды, әрі әсерлі дәрісі үшін шынайы алғысын білдіреді, сондай-ақ Гонконг Политехникалық университетінің Қонақ үй және туризм менеджменті мектебіне (SHTM) PolyU–KazNU Guest Lecture Series аясындағы ынтымақтастық пен қолдау үшін ризашылығын білдіреді.