PhD Тұяқбаев Өмір Оразұлы – ғылым саласына қосқан еңбегі үшін марапатталдыFarabi University

PhD Тұяқбаев Өмір Оразұлы – ғылым саласына қосқан еңбегі үшін марапатталды

10 қазан, 2025

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі еліміздің ғылым саласын дамытуға үлес қосқан ғалымдарды марапаттады. Солардың қатарында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Жазба жәдігер және рухани мұра» ғылыми-зерттеу орталығының қызметкері, PhD Тұяқбаев Өмір Оразұлы ғылым мен жоғары білім саласындағы жауапкершілігі мен табанды еңбегі үшін  «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Бұл марапат ғалымның ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік қызметтегі адалдығы мен кәсіби еңбегінің лайықты бағалануы болып табылады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультеті ұжымы әріптесіміз Өмір Оразұлын осы жоғары марапаттарымен шын жүректен құттықтайды! Оған алдағы уақытта да шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа ғылыми жетістіктер тілейміз.