PhD Тұяқбаев Өмір Оразұлы – ғылым саласына қосқан еңбегі үшін марапатталды
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі еліміздің ғылым саласын дамытуға үлес қосқан ғалымдарды марапаттады. Солардың қатарында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Жазба жәдігер және рухани мұра» ғылыми-зерттеу орталығының қызметкері, PhD Тұяқбаев Өмір Оразұлы ғылым мен жоғары білім саласындағы жауапкершілігі мен табанды еңбегі үшін «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Бұл марапат ғалымның ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік қызметтегі адалдығы мен кәсіби еңбегінің лайықты бағалануы болып табылады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультеті ұжымы әріптесіміз Өмір Оразұлын осы жоғары марапаттарымен шын жүректен құттықтайды! Оған алдағы уақытта да шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа ғылыми жетістіктер тілейміз.
Басқа жаңалықтар