📢 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасында «Экономикалық қылмыстарды тергеу» микробіліктілік бағдарламасы жалғасуда.Farabi University

📢 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасында «Экономикалық қылмыстарды тергеу» микробіліктілік бағдарламасы жалғасуда.

11 қазан, 2025

📢 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасында «Экономикалық қылмыстарды тергеу» микробіліктілік бағдарламасы жалғасуда.

 

Бағдарлама ҚР Қаржылық мониторинг агенттігімен (ҚМА) және Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп жүзеге асырылуда. Бағдарламаның мақсаты – экономикалық қауіпсіздік саласында кәсіби құзыреттерді қалыптастыру және сотқа дейінгі тергеу жүргізу дағдыларын дамыту.

 

💼 Бағдарлама құрылымы:

• теориялық дайындық (4 апта);

• практикалық дағдыларды пысықтау (6 апта);

• қылмыстық істердің макеттерімен және кейстермен жұмыс (4 апта);

• қорытынды жоба қорғау (1 апта).

 

🧩 Модульдер қамтиды:

• экономикалық қылмыстарды тергеу;

• меншікке қарсы қылмыстар;

• заңсыз ойын бизнесі;

• қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру;

• қылмыстық іс макетін әзірлеу және қорғау.

 

📚 Оқыту форматы: күндізгі, онлайн немесе аралас.

⏱ Ұзақтығы: 15 апта (10 академиялық кредит).

🎓 Мақсатты аудитория: «Құқық», «Экономика», «Қаржы» мамандықтарының жоғарғы курс студенттері.

 

Бағдарлама барысында студенттер БТІР, СИОПСО және ИС СЭР симуляторларымен жұмыс істейді және Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) және Экономикалық тергеу департаментінің мамандарымен тәжірибелік сабақтар өтеді.

 

📘 Бұл бастама БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаты №8 – “Лайықты жұмыс пен экономикалық өсу” бағытына сәйкес келеді және студенттердің еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби дағдыларды игеруіне мүмкіндік береді.

 

📍 Бағдарлама кафедрада табысты жалғасып, студенттердің қызығушылығын арттырып, ҚазҰУ мен ҚМА арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда.