«Халық Орманы» атты ағаш көшеттерін отырғызуға арналған экологиялық акцияFarabi University

«Халық Орманы» атты ағаш көшеттерін отырғызуға арналған экологиялық акция

11 қазан, 2025

2025 жылғы 11 қазанда «Halyk» қайырымдылық қоры мен Қазақстан Республикасының экология және табиғи ресурстар Министрлігінің қолдауымен «Халық Орманы» бағдарламасы аясында Көк-Жайлау аумағында ағаш көшеттерін отырғызуға арналған экологиялық акция өтті.

Іс-шараның мақсаты — «жасыл белдеуді» дамыту және қоғамда экологиялық мәдениетті нығайту.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті атынан акцияға география және табиғатты пайдалану факультетінің метеорология және гидрология кафедрасының доценті м.а. Қожахметова Э.П. қатысты.