- Басты бет
- Жаңалықтар
- QS және THE халықаралық рейтингтері бойынша семинар-тренинг әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де өтті
QS және THE халықаралық рейтингтері бойынша семинар-тренинг әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де өтті

2025 жылдың 13 қазанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде QS және THE халықаралық рейтингтері бойынша семинар-тренинг өтті. Іс-шараға декандар, олардың орынбасарлары, кафедра меңгерушілері және факультеттердің рейтингтерге жауапты қызметкерлері қатысты.
Семинар университеттің жаһандық академиялық рейтингтердегі позициясын нығайтуға және ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ғылымды дамыту мен ұлттық білімнің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыруға бағытталған жүйелі жұмысы аясында ұйымдастырылды.
Стратегиялық даму орталығының директоры Гүлзира Қажмуратқызы Василина QS WUR 2026 рейтингі әдіснамасына және қазақстандық жоғары оқу орындарының көрсеткіштеріне талдау жасап, баяндама жасады. QS деректеріне сәйкес, әлем бойынша 106 елден 8,4 мыңнан астам университет рейтингке қатысады, олардың ішінде 20 – Қазақстаннан. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұлттық университеттер арасында көшбасшылық орнын сақтап, 166-орынды иеленіп, 100 балдың 59,8-ін жинады.
Семинар барысында академиялық сарапшылар мен жұмыс берушілерді тіркеудің маңыздылығы атап өтілді, себебі бұл көрсеткіштер университеттің QS рейтингіндегі нәтижесіне тікелей әсер етеді. Сарапшыларды тіркеу 2026 жылдың 31 қаңтарына дейін жүргізіледі.
Іс-шарада халықаралық жарияланымдар мен дәйексөздерді арттыру, серіктестік байланыстарды кеңейту және факультеттердің академиялық беделін нығайту мәселелері талқыланды.
Семинарға Экономика және бизнес жоғары мектебінен декан Ермекова Ж.Ж., ғылым, инновациялар және халықаралық байланыстар жөніндегі декан орынбасары Канагатова Д.Б., оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары Садыханова Д.А., сондай-ақ кафедра меңгерушілері қатысты:
• Даулиева Г.Р. — «Экономика» кафедрасы;
• Сартова Р.Б. — «Қаржы және есеп» кафедрасы;
• Ахметова З.Б. — «Бизнес-технологиялар» кафедрасы;
• Смагулова Г.С. — «Менеджмент» кафедрасы.
Семинарға факультет кафедраларындағы QS рейтингтеріне жауапты қызметкерлер де қатысып, ғылыми және академиялық белсенділікті арттыру мәселелерін талқылады.
Бұл семинар тәжірибе алмасудың және ҚазҰУ-дың жаһандық білім беру рейтингтеріндегі позициясын одан әрі ілгерілету бойынша ортақ шешімдер әзірлеудің тиімді алаңына айналды.
Басқа жаңалықтар


