ТДМ 15 - «Құрлық экожүйелерін сақтау»Farabi University

ТДМ 15 - «Құрлық экожүйелерін сақтау»

11 қазан, 2025

2025 жылы 11 қазан айында 122-топ студенттерімен "Мемлекет және құқық теориясымен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасының оқытушысы Еркеназ Базартайқызының басшылығымен Тұрақты даму мақсаттарының 15-тақырыбы – «Құрлық экожүйелерін сақтау» бағыты аясында тәжірибелік жұмыс жүргізілді.

Бұл мақсаттың негізгі мәні – ормандарды сақтау, топырақтың құнарлылығын арттыру, биологиялық әртүрлілікті қорғау және жердің тозуымен күресу арқылы табиғатпен үйлесімді өмір сүруді насихаттау.

Іс-шара аясында студенттер Алматы қаласындағы Ботаникалық баққа барды. Табиғат аясында өткізілген бұл зерттеу жұмысы студенттерге флора әлемінің байлығын тереңірек тануға, жасыл желектердің экожүйедегі орнын түсінуге, сондай-ақ адамның табиғатқа әсерін бағалауға мүмкіндік берді.

Студенттер бақ ішіндегі өсімдіктер мен олардың өсу ортасына әсер ететін экологиялық факторларды (жарық, су, топырақ, ауа температурасы) зерттеді. Сонымен қатар, олар өсімдіктердің биологиялық әртүрлілігі мен жер экожүйесіндегі қызметтері туралы мәліметтермен танысты.

Экскурсия соңында студенттер экологиялық сауаттылықтың маңыздылығын түсініп, табиғаттағы тепе-теңдікті сақтау — адамның басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Мұндай тәжірибелік сабақтар жастардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, тұрақты дамуға деген көзқарасын қалыптастырады.

"Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасы