Болашақ мамандықтар Атласы: білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізуFarabi University

Болашақ мамандықтар Атласы: білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу

14 қазан, 2025

2025 жылдың 13 қазанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында «Болашақ мамандықтар Атласы: білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу» атты ашық әдістемелік семинар өтті. Іс-шараны ұйымдастырған – Кәсіби білім беруді дамыту жөніндегі ұлттық орталықтың (НЦРВО) Жобалық кеңсесі. Семинар жұмысына НЦРВО өкілдері, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, ҚазҰУ Құзыреттілік орталығының қызметкерлері және білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер қатысты. Аталған семинарға кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы м.а. Рашева Г.К. қатысты.