- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінде суперкомпьютермен жұмыс істеу бойынша оқыту семинары өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінде суперкомпьютермен жұмыс істеу бойынша оқыту семинары өтті

2025 жылдың 14 қазанда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Экономика және бизнес жоғары мектебінде профессорлық-оқытушылар құрамы мен докторанттарға арналған суперкомпьютерлік технологияларды ғылыми-зерттеу және білім беру қызметінде тиімді пайдалану мәселелеріне арналған оқыту семинары өтті.
Іс-шараға факультеттің профессор-зерттеушілері, доценттер, оқытушылар мен докторанттар қатысты. Қатысушылар жоғары өнімді есептеу технологияларын күрделі ғылыми міндеттерді шешу, үлкен деректер жиынтығын талдау және экономикалық пен басқарушылық процестерді модельдеу мақсатында қолдану мүмкіндіктерімен танысты.
Семинар тәжірибе алмасуға және оқытушылар мен зерттеушілердің цифрлық құзыреттілігін арттыруға ықпал етті. Суперкомпьютерлік технологияларды қолдану университеттегі ғылым мен инновацияның жаңа көкжиектерін ашады және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың өңірлік жетекші ғылыми-білім беру орталығы ретіндегі орнын нығайтады.
Семинардың негізгі мақсаты — Алматы қаласының дамуы, бизнестің тиімділігін арттыру және кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мақсатында суперкомпьютер әлеуетін пайдалану бойынша бірлескен жобаларға инвесторларды тарту.
Ұйымдастырушы: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебі.
Басқа жаңалықтар

