
«Халық мұрасы – халық игілігі»
Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл толуына орай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Экономика» кафедрасының ұйымдастыруымен «Халық мұрасы – халық игілігі» атты кураторлық сағат өтті.
Іс-шара барысында студенттер қазақ музыка өнерінің көрнекті тұлғасы, композитор, академик Ахмет Жұбановтың өмірі мен шығармашылығымен танысты. Ұлы тұлғаның ұлттық мәдениетті дамытуға қосқан үлесі, қазақ оркестрлік музыкасының негізін қалаудағы еңбегі жайлы мазмұнды баяндаулар жасалды.
Бұл іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 4-ші «Сапалы білім беру» және 11-ші «Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар» мақсаттарын ілгерілетуге бағытталды. Кураторлық сағат рухани тәрбиелік маңызы жоғары, жастарды ұлттық өнерді құрметтеуге және мәдени мұраға сүйіспеншілікпен қарауға баулитын тағылымды шара болды.
Кураторлар: Тураров Д.Р., Андабаева Г.К.
Басқа жаңалықтар

