1 қазан – Қазақстан Республикасы Жоғары білім қызметкерлері күніFarabi University

1 қазан – Қазақстан Республикасы Жоғары білім қызметкерлері күні

1 қазан, 2025

1 қазан – Қазақстан Республикасы Жоғары білім қызметкерлері күніне орай Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетінде кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы ауқымды көрме ұйымдастырды.
Көрмеде кафедраның халықаралық бағыттағы жобалары, атап айтқанда, Баку мемлекеттік университетімен бірлескен қос дипломдық “Теңіз және энергетикалық құқық” бағдарламасы, Қазақстан-Қытай құқықтық зерттеу орталығы, Кеден ісі мамандығы бойынша ҚазҰУ-дың Омбы қаласындағы филиалы, сондай-ақ кафедра жанындағы Заң клиникасының жетістіктері мен қызметтері таныстырылды.
Шараның негізгі мақсаты – халықаралық ынтымақтастықты нығайту және білім мен тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін кеңейту.
Іс-шара ұйымдастырушысы: кафедра меңгерушісі з.ғ.д., профессор Г.А. Қуаналиева және кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы.