«Цифрлық технологиялар және құрлық экожүйелерін сақтау»Farabi University

«Цифрлық технологиялар және құрлық экожүйелерін сақтау»

16 қазан, 2025

2025 жылғы 16 қазан күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультеті шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы Оңғарбаева М.С. 6B02303 – Шетел филологиясы (батыс тілдері) 3-курс студенттерімен бірге және Алматы қаласындағы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің (МУИТ) IT-мамандығының студенттерімен бірлесіп құрлық экожүйелерін сақтау және болашақ ұрпақтың жауапкершілігі мәселелеріне арналған іс-шара өткізді. Бұл іс-шара тұрақты даму мақсаттарының 15-ші мақсаты – «Құрлық экожүйелерін сақтау» аясында экологиялық құқық пен табиғатты қорғау саясатының өзекті мәселелеріне арналды. Сонымен қатар, заманауи IT технологиялардың табиғатты қорғау мен құрлық экожүйелерін сақтаудағы рөлі талқыланды.

Студенттер ТМД. 15 негізгі міндеттерін анықтады: ормансыздану мен жердің деградациясына қарсы күрес, биоалуантүрлілікті сақтау, адам қызметінің құрлық экожүйелеріне әсері. IT мамандары мен цифрлық шешімдердің табиғатты бақылау және қорғаудағы рөлі ерекше назарға алынды: орман кесуді спутниктік мониторингтеу, табиғи аумақтарды бақылауда дрондарды пайдалану, экологиялық ағартушылық пен волонтерлік үшін қосымшалар мен платформалар, жойылып бара жатқан түрлер мен табиғи ресурстарды қадағалау базалары.

Студенттер жоғары қызығушылық танытып, IT технологияларды экологиялық салада қолдану бойынша өз идеяларын ұсынды – мобильді қосымшалар әзірлеуден бастап экологиялық сауаттылықты арттыруға бағытталған білім беру бастамаларына дейін. Қазақстан Республикасының ТМД жүзеге асырудағы саясаты, оның ішінде орман шаруашылығын дамыту және инновациялық табиғатты қорғау технологияларын енгізу бойынша ұлттық бағдарламалар мен жобалар қарастырылды. Бұл іс-шара студенттерде экологиялық жауапкершілікті және технологиялық қабілеттілікті қалыптастыруға, сондай-ақ гуманитарлық және техникалық бағыттардың ынтымақтастығы арқылы тұрақты дамуға қол жеткізуге бағытталды.

Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы
аға оқытушы Оңғарбаева М.С.