Қазақстан Республикасы күніне арналған дөңгелек үстелFarabi University

Қазақстан Республикасы күніне арналған дөңгелек үстел

20 қазан, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тюркология және тіл теориясы кафедрасында «Республика күні: Тәуелсіздік, бірлік және Қазақстанның болашағы» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шара мемлекеттік мерекенің тарихи және рухани маңызын терең түсінуге бағытталды.

Кездесу барысында студенттер тәуелсіздік құндылықтары, жастардың ел дамуына қосатын үлесі және азаматтық жауапкершілік туралы пікір алмасты. Абай, Ахмет Байтұрсынұлы, Бауыржан Момышұлы, Қасым-Жомарт Тоқаев сынды ұлт тұлғаларының ой-толғаулары студенттерді ел мен ұлт тағдырына деген жауапкершілікке шабыттандырды.

Кездесу соңында «Барлығы сенің қолыңда» атты рефлексиялық тапсырма өткізілді. Студенттер өз алақандарын бейнелеп, алған әсерлерімен бөлісті. Бұл бейнелер студенттердің ойы мен сезімінің бірлігін білдіріп, тәуелсіз Қазақстанның тарихы, мәдениеті мен болашағы жастардың өз қолында екенін еске салды. Әр алақан жауапкершілік пен елге деген сенімнің символына айналды.

Бұл дөңгелек үстел жастардың елжандылық сезімін арттырып, тәуелсіздік пен бірлік ұғымдарының маңызын терең түсінуге мүмкіндік берді.

Ұйымдастырған: түркітану және тіл теориясы кафедрасының оқытушысы, 1-курс эдвайзері Әділхан М.Қ.