- Басты бет
- Жаңалықтар
- Экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында ақпараттық түсіндірме жұмыстары
Экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында ақпараттық түсіндірме жұмыстары
Педагогикалық практика аясында дінтану және мәдениеттану кафедрасының докторанттары мен студенттері Жетісу ауданы №108, №109, №110, №112, №118, 66, №124, №80, №87, №137 мектеп-гимназияларында экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Бұл іс-шаралар қазіргі таңдағы жас өспірімдердің әртүрлі радикалды ағымдардың алдауына түсу фактыларының көбеюімен байланысты ұйымдастырылды. Мектеп оқушыларына әлеуметтік платформалар туралы арнайы бейне роликтер көрсетіліп, жалпы радикалды діни ағымдардың қызметінің мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне зияны туралы ақпараттар берілді. Осынндай мәселелерге қарсы күресетін және шешімін табатын Дінтану мамандығы жайлы толық ақпараттар берілді. Іс – шараларға мектеп басшылығы және мұғалімдер қатысты, оқушылар тарапынан қойылған қызығушылық сұрақтарға жауаптар берілді.
Ұйымдастырушылар: дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры
Қ.М., Борбасова 1 курс докторанттары С.Т.Назбекова, Р.Ә. Молдахметов

Басқа жаңалықтар