- Басты бет
- Жаңалықтар
- “Sanaly urpaq” республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалық кеңсесі Kazakhstan PREVENTION DAYS іс-шарасына қатысты
“Sanaly urpaq” республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалық кеңсесі Kazakhstan PREVENTION DAYS іс-шарасына қатысты

2025 жылдың 20 қазанында к.ю.н., доцент Усеинова К.Р. жетекшілік ететін мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы жанында қызмет атқаратын “Sanaly urpaq” республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалық кеңсесі «Заң және тәртіп» идеологиясы аясындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу жобалары көрмесіне қатысты. Іс-шара Ғылым ордасы ғимаратында өтті.
Көрме барысында кеңсе соңғы жылдардағы жұмысының нәтижелерін таныстырып, жастардың құқықтық санасын арттыру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамытуға бағытталған бастамаларын ұсынды. Сондай-ақ білім беру ұйымдары, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктер арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Бұдан бөлек, іс-шара аясында мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдармен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды, бұл өз кезегінде ортақ бастамаларды іске асыруға және адал, жауапты ұрпақты қалыптастыру жолындағы серіктестікті нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашады.
"Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасы
Басқа жаңалықтар