- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қиыр Шығыс кафедрасының корейтану бөлімі «Бірлік пен бейбітшілік – Тәуелсіз Қазақстанның тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді
Қиыр Шығыс кафедрасының корейтану бөлімі «Бірлік пен бейбітшілік – Тәуелсіз Қазақстанның тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді
2025 жылғы 20 қазан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде Қиыр Шығыс кафедрасының корейтану бөлімі Қазақстан Республикасының мерекесіне орай «Бірлік пен бейбітшілік – Тәуелсіз Қазақстанның тірегі» атты дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің отансүйгіштік рухын қалыптастыру, Қазақстанның тәуелсіздігі мен бейбітшілік пен келісім құндылықтарының маңызын түсіндіру, сондай-ақ жастардың ел тарихына және мәдени мұрасына деген қызығушылығын арттыру болды.
Дөңгелек үстелге корейтану бөлімінің студенттері қатысып, еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері, ұлт бірлігі мен қоғамдағы бейбітшілік идеясын сақтау жөнінде ой бөлісті. Студенттер өз көзқарастарын білдіріп, патриоттық бағыттағы пікірлерін ортаға салды.
Бұл кездесу студенттердің азаматтық көзқарасын қалыптастырып, тәуелсіз Қазақстанның басты құндылықтары – бірлік пен бейбітшілікті дәріптеуге бағытталды.

Басқа жаңалықтар