«Ұлттың ұлы мұрасы – Тәуелсіздік» атты тағылымды іс-шарасы өттіFarabi University

 «Ұлттың ұлы мұрасы – Тәуелсіздік» атты тағылымды іс-шарасы өтті

22 қазан, 2025

22 қазан 2025 ж. күні 6В05205 – География білім беру бағдарламасының 1-курс студенттерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған «Ұлттың ұлы мұрасы – Тәуелсіздік» атты тәрбиелік маңызы зор іс-шара өтті.  

Мақсаты – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиетті дарыту, Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтарын тереңірек түсіндіру, егемендіктің ел үшін мән-маңызын саналы түрде ұғындыру.

Іс-шара барысында студенттер Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жетістіктеріне тоқталып, ел тарихындағы маңызды оқиғаларға тарихи шолу жасады. Сонымен қатар, қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы күресі мен батыр бабалардың ерлігі жайлы әсерлі баяндамалар оқылып, патриоттық әндер шырқалды.

Студенттер өз ойларын ашық білдіріп, Тәуелсіздік – жай ғана тарихи дата емес, әрбір қазақстандықтың жүрегіндегі қасиетті ұғым екенін атап өтті. Олардың сөздерінен ел болашағына деген сенім мен мақтаныш, жауапкершілік сезілді.

Бұл іс-шара – ұрпақтың ұлттық рухын көтеріп, тарихи жадыны жаңғыртатын, ұлт тұтастығын сезіндіретін маңызды қадам. Тәуелсіздік – ата-бабалар аманаты, оны қастерлеу – бүгінгі буынның қасиетті борышы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.