Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Калгари университеті мен Гонконг политехникалық университеті профессорларының ашық дәрістері өттіFarabi University

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Калгари университеті мен Гонконг политехникалық университеті профессорларының ашық дәрістері өтті

14 қазан, 2025

2025 жылғы 13–14 қазан аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасында Канаданың Калгари университетінің әлеуметтік жұмыс факультетінің профессоры Дора М. Й. Там және Гонконг политехникалық университетінің (PolyU) қолданбалы ғылымдар кафедрасының профессоры Хок-Бун Ку ашық дәрістер өткізді.

Іс-шара студенттер, магистранттар, докторанттар мен кафедра оқытушыларының қатысуымен өтті және халықаралық академиялық ынтымақтастықтың маңызды қадамы болды.

Профессор Дора Там әлеуметтік жұмыстағы 35 жылдық тәжірибесімен бөлісіп, балалар мен жастардың психикалық денсаулығына арналған “Youth and Children Mental Health (YCMH)” жобасын таныстырды.

Профессор Хок-Бун Ку «Social Work of Reconciliation in Hong Kong’s Practice» тақырыбында баяндама жасап, Гонконгтағы татуласу және қоғамдық интеграция үдерістеріндегі әлеуметтік жұмыстың рөлін сипаттады.

Бұл дәрістердің тақырыптары БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарымен (ТДМ), атап айтқанда ТДМ 3 (Денсаулық пен амандық), ТДМ 10 (Теңсіздікті азайту), ТДМ 16 (Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар) және ТДМ 17 (Тұрақты дамудағы әріптестік) мақсаттарымен тығыз байланысты.

Сапар аясында «Әлеуметтік жұмыс» және «Әлеуметтану» мамандықтары бойынша білім алатын 1 курс PhD докторанттарының қатысуымен «Сұрақ-жауап» форматында бірлескен семинар өткізілді. Докторанттар өз зерттеу жобаларын таныстырып, шақырылған профессорлардан бағалы пікірлер мен ұсыныстар алды.

Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының PolyU университетімен серіктестігі әлеуметтік жұмыс саласындағы халықаралық зерттеу және академиялық алмасу бағыттарында жаңа мүмкіндіктер ашады.

 

Ұйымдастырушылар: Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы, Әлеуметтанулық зерттеулер және әлеуметтік инжиниринг орталығы