Республика күніне арналған «Поэзия және ән кеші»
Республика күніне арналған мерекелік кеш!
Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасына қарасты 301-оқу тобының және топ жетекшісі Ж.С.Сапарбекованың ұйымдастыруымен Республика күніне орай әсерлі «Поэзия және ән кеші» өтті.
Бұл кеш – студенттердің Отанға деген сүйіспеншілігін, ел мен жерге деген құрметін жыр мен ән арқылы жеткізген рухани мереке болды.

Кешке Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Нурахметова Г.Г., сондай-ақ кафедраның белсенді оқытушылары Мырзатаев Н. мен Муксинова А. қонақ ретінде қатысты.Іс-шара барысында студенттер еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігін жырлаған өлеңдер оқып, рухты әндер шырқады. Кеш көрермендерге көтеріңкі көңіл күй мен отансүйгіштік сезім сыйлады.

Мерекелік кештің басты мақсаты – жастардың елге деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық құндылықтар мен патриоттық рухты дәріптеу болды.
Осындай мазмұнды шаралар студенттердің шығармашылық әлеуетін дамытып қана қоймай, олардың азаматтық жауапкершілігін нығайта түсетіні сөзсіз.
Іс-шара барысында студенттер қазақ поэзиясының жауһарларын оқып, патриоттық әндер орындап, тамаша көңіл-күй сыйлады.
Мұндай рухты, өнер мен отансүйгіштікті ұштастырған іс-шараларымыз көп болсын!
#РеспубликаКүні #301топ #АзаматтықҚұқықКафедрасы #ПоэзияЖәнеӘнКеші #ТәуелсізЕлдіңТұғыры
Басқа жаңалықтар